18 сәуірден бастап еліміздің кинотеатрларында «Балуан Шолақ» фильмі көрсетіледі

Фильмнің сценарийін жазушы әрі драматург Дулат Исабеков, режиссері – Нұргелді Садығұлов. Фильмде Балуан Шолақтың жеке өмірі мен өскен ортасы, әншілік қыры мен қилы тағдыры және еліне деген махаббаты көрініс табады. Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы облысының Жалаңаш және Кеген ауылдарында, Павлодар қаласында және Бурабай курортты аймағында өткен. Көпшілік сахналарға үш жүзден астам адам қатысқан. Бүгін Дулат Исабеков пен Нұргелді Садығұлов «Tansholpan»-ның қонағы болып, кино жайлы ойларымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. «Жазу - бір басқа, оны экранға шығару - бір басқа өнер. Бұл фильм қазақ киноөнерінде үлкен құбылыс болады деп ойлаймын. Сценарийін Нұргелдіге өзім сеніп тапсырдым. Енді қандай да бір дүние жазсам, оны тек Нұргелдіге тапсырамын. Жоспарда бірнеше сценарий бар. Жаңа мақалаларым да дайын. Сондай-ақ өмірден алынған шығарма жазғым келеді», дейді жазушы. «Тарихи тұлға болғандықтан кино түсіру барысында қиналдық. Басты кейіпкердің фотокарточкалары біздің уақытқа жетпеген. Авторлық бейнесі қандай болады екен деген ойлар болды. Ағайын-туыстарымен кездесіп, мінезі туралы сұрастырдық. Көмекке «Қазақстан барысының» палуандары келді. Бірақ олар актер емес. Мықты деген актерлер де келді. Сонымен актерден спортшы жасауға шешім қабылдадық. Осылайша басты кейіпкерді сомдайтын Еркебұлан Даировқа 15 келі салмақ қосуына тура келді. Ол үшін бұл үлкен тәжірибе болды. Толықметражды кино ретінде бұл менің дебютім. Бала кезімде күреске қатыстым. Балуан Шолақ бала кезімнен есімде. Кино түсіре бастаған сәттен бастап Балауан Шолақ туралы кино түсіруді армандадым. Көптен бері іште қайнап жүрген дүниені Дулат ағаға келіп көрсеттім», дейді режиссер.

Көрулер: 2 271

Ұзақтығы: 12мин 11сек

Қосылды: 09.04.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.