Бүгін – Халықаралық театр күні

Бүгін – Халықаралық театр күні. 1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» (World Theatre Day) деп бекітті. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық Театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді. Халықаралық Театр институтының басты мақсаты әлемдегі барлық театр қауымдастықтары мен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жолындағы татулығы мен байланысын нығайту мен дамыту болып табылады. Осыған орай «Жастар» театрының актерлері Елдос Шайкенов, Іңкәр Асхатқызы «Tansholpan»-ның қонағы болды. Жас актерлер өнер жолы мен өнердегі жаңалықтарымен бөлісті. «Өз басым актер емес, әнші боламын деп ойладым. Академияда музыкалық актер мамандығы бойынша білім алдым. Мен үшін драма маңызды. Рөлді алған сәттен бастап оны қалай жеткізу керек екендігін ойлап, зерттеп дайындаламыз», дейді Іңкәр Асхатқызы. «Мені барлығы бала кезімнен актер болады деп айтатын. Ата-анам осы мамандықты қалады. Мен үшін бастысы – театр, кино – хобби. Образды ойнау үшін алдымен оны зерттеп, кім екенін анықтап, көп еңбек ету керек», дейді Елдос Шайкенов. Одан басқа бүгін Елордада актерлердің қатысуымен спектакль өтеді.

Көрулер: 1 529

Ұзақтығы: 10мин 09сек

Қосылды: 27.03.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.