Сәрсенбай Құрманұлы: Аралық кезеңнен абыроймен шығамыз деген ойдамын

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президенттік өкілеттігін мезгілінен бұрын тоқтатты. Ол туралы Мемлекет басшысы республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде жариялады. Әрі Мемлекет басшысының қызметін атқарушы болып - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы әрі ҚР Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілді. Назарбаев өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға лайық тұлға екенін айтты. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Құрманұлы «Tansholpan»-ның қонағы болып, осы мәселеге қатысты пікірін білдірді. «Бұл жағдай мемлекетімізде ерекше оқиға. Қазақ халқының тарихы Еуразия кеңістігінде өмір сүрген көне тарихымен тығыз байланысты. Бір кездері өзіміздің дербес мемлекетіміз де болды. Бірақ 18-ші ғасырдың ортасынан бастап қазақ елінің дербестігі жойыла бастап, Ресей Империясының бодандығында болдық. 20-шы ғасырда өткен революциядан кейін Советтік Социалистік Одағы құрылды. Оның құрамында 15 республика болды. Сол 15 республиканың бірі – Қазақ Советтік Социалистік Республикасы. Елдердің дербес құқығының сақталуы қағаз жүзінде болды. Шын мәнінде қазақ елінің ішкі, сыртқы саясатында дербестігі болмады. Біз тәуелді болдық. Қазіргі мемлекетіміздің құрылуында Елбасының еңбегі зор. Оны сыртқы да ішкі де саясаткерлер мәлімдеп отыр. Елді 30 жыл басқарған Елбасының өз еркімен өкілеттігін тоқтату – ел үшін маңызды оқиға. Мұның басты нәтижесі - осы мемлекеттік биліктің ел ішінде қозғалыс туғызбай, бірқалыпты жағдайды сақтай отырып беруі. Қазір біз қалыптасқан кезеңнен өтіп, аралық кезеңде тұрмыз. Осы аралық кезеңде біздің халқымызға салиқалы саясатты ұстану керек. Бұдан үлкен абыроймен шығамыз деген ойдамын», дейді депутат.

Көрулер: 1 332

Ұзақтығы: 12мин 28сек

Қосылды: 26.03.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.