Бауыржан Байбек: Тұрмысы жақсы адамдардың көбірек болуы - біздің ортақ міндетіміз

«Tansholpan»-ның «Ақпарат айдыны» айдарында Әуесбайдың Қанаты елімізде болып жатқан жаңалықтарға шолу жасап, қоғамда қозғау салған мәселелерді талдайтын болады. Қазір қазақ ауылдан жаппай қалаға көшуге бейіл. Әлеуметтану тілінде - урбанизация. Урбандалып жатқан халықпен бірге әлеуметтік түйіткілдер ушыға түсетіні белгілі. Әсіресе, алып шахарлардағы көпбалалы және жалғыз басты аналар мәселесі мәлім. Ана мен баланың мұңы осы аптада барлық облыстардағы әкімдердің есе беру жиынына арқау болды. Әкімдердің сөзіне сенсек, аналарға жалға пәтер беріліп, оны сатып алуға да мүмкіндіктер жасалады. Тұрмысы жақсы адамдардың көбірек болуы - біздің ортақ міндетіміз. Бұл туралы әкімдердің халық алдындағы есебінде Бауыржан Байбек айтты. Оның айтуынша, бүгінгі күні алғашқы жарнаны төлей алмайтын 1276 көп балалы және жалғыз басты отбасы бар. Осындай жанұялар үшін Алматыда «Бақытты отбасы» арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жоспарда. Яғни, бұл санаттағы тұрғындар жалпы кезектен алынып, оларға жеке көмек берілетін болады. Көп балалы аналарға көмек беру туралы Түркістан облысының әкімі де айтты. Қазір облыста 130 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар екен. Одан басқа әкімнің айтуынша, бұдан былай Түркістанда Балалар үйі болмайды. Жетімдер үйі отбасы форматына көшеді. Одан басқа осы аптада БАҚ қақпасыз құдық мәселесін арқау етті. Себебі бұл мәселе қоғамда өткір тұр. Ашық-шашық жатқан құдықтар туралы көптен бері айтылып келеді. Ұрланған қақпақтарды өткізу орындарын тексеру, жауапқа тарту және ол мәселені шешу туралы ұсыныстар әлеуметік желіде қызу талқыланды.

Көрулер: 1 973

Ұзақтығы: 7мин 59сек

Қосылды: 22.02.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.