Бақытжан Мұңайтпасов: Өнер үшін туғанмын

Қазақтың қазыналы өнерінің бірі ән десек, қателеспейміз. Оның ең озық үлгісі ғана ғасырдан ғасырға жетеді. Ән өнері тек орындаушылық емес. Жүректен шыққан әсем әуезді әуен ғана өміршеңдігімен есте қалады. Дәл осындай туындылардың авторы, белгілі композитор Бақытжан Мұңайтпасов туралы 90-шы жылдардың ортасында көпшілік жиі еститін. Оның бірқатар әндері халықтың сүйікті әуендеріне айналып, түрлі сахналарда орындалып жүр. Ал, қазіргі уақытта өнер иесі қайда жүр? «Tansholpan»-ның тілшілері композитормен кездесіп, оның өмірі мен өнердегі жаңалықтары туралы біліп қайтты. «Өнерді тастауға уақыт жоқ. Өнер үшін туғанмын. Себебі өнерді, ән шығаруды, ән айтуды қатты ұнатамын. Мен музыкамен өстім. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдеріне 7-8 ән жаздым. Қазір Мұқағали Мақатаевтың сөздеріне ән жаза бастадым. Жоспарда дуэт болып ән орындау бар», дейді өнер иесі. Танымал композитор қазақ халқының біртуар тұлғасы Қажымұқан палуанның ұрпағы. Әкесі Бақытжанды күресші болсын деп бала кезінен спортқа баулыған. Өнер иесі бала кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Әкем спорт мектебінің директоры болған. Мені спортқа беріп, күресші болуымды қалаған. Қанша қатыстым да, жарақат та алдым, бірақ өнер деген тартып тұрады екен. Сегізінші сыныпты бітірген соң музыкалық колледжге бардым. Кейін әкем өзі күйсандық әперіп, мені әрқашан қолдады.

Көрулер: 1 769

Ұзақтығы: 4мин 24сек

Қосылды: 04.02.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.