Ата-бабаның дәстүрлі мұрасын жалғаушы қолөнершіге деген сұраныс артып келеді

Бахытжан Қадыржанұлының жұмысының көбі балғаның көмегімен жүзеге асады. Әр бұйымға ою салу үшін асқан ұқыптылық қажет. Мүлт кетсеңіз ағашты қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Ұста болуға бала кезінен әуес болған шебер әр ағаштың құрылымын жақсы біледі. Шебердің егіз ұлы да әке жолын қуып келеді. Ұлдары әкесінің қасынан шықпайды. Шебердің әр кеңесін мұқият тыңдап, көкейге тоқып алады. Қолы ұста адамның қойнында алтын бар. Қолынан іс келетін адамға кәсіп көп. Тек ізденіп, ерінбей еңбек етсе болғаны. Алтын қолды шебердің құнды дүниелері көздің жауын алады. Олар қазақ киіз үйінің ағаш жабдықтары, оюмен көмкерілген қазақи төсек, сандық, ыдыс-аяқтың түр-түрі. Шебердің бұйымдарына тұрақты тапсырыс беретін кәсіпкер Мәлік Шаймарданның айтуынша, оның әрбір дүниесі шеберлікпен жасалған. Бахытжан бүгінде өз шеберханам болса деп армандайды. Талапты ерге нұр жаусын.

Көрулер: 1 715

Ұзақтығы: 2мин 42сек

Қосылды: 31.01.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.