Әлішер Жүргенов хандар мен батырлардың портретін ерекше қолтаңбамен бейнелейді

Әлішер Жүргенов 200-ге жуық картина салған. Оның саятшылық, шайқас, тылсым, басқа да туындыларында қимыл-қозғалыс, ерекше мазмұн, өзіндік рең бар. Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы Әлішер Жүргенов мектеп қабырғасынан сурет үйірмесіне қатысқан екен. 9-сыныпты бітіргеннен кейін танымал қылқалам шебері Қайырбай Закировтың кеңесімен Орал Таңсықпаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжіне оқуға түседі. Ұстазы Әли Бақтыгереевтің шеберханасынан бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйренеді. Жас болса да талантымен танылып жүрген Әлішер 4 жылдан бері шығармашылықпен бірге, оқытушылықты қатар алып келеді. Портрет өнерін шебер игерген маман. Автор Әбілқайыр, Уәли, Абылай сынды хандар мен белгілі батырлардың портретін ерекше қолтаңбамен бейнелеген. Ол тарихи, тұрмыстық, пейзаж, портрет жанрында терең ойлап ізденіспен салатын суретші. Қылқалам шебері көрмелерге де жиі қатысып тұрады. «Көбіне реалистік бағыт арқылы заттардың, түстердің бір-бірімен байланысын беруге тырысамын. Осы уақытта қалып қоймаймын. Жалпы, үнемі ізденіс үстіндемін», - дейді суретші.

Көрулер: 3 044

Ұзақтығы: 4мин 36сек

Қосылды: 06.12.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.