Жұлдызай Оңдаш: Өмір мен өлімнің арасында қалғанда біраз нәрсені түсіндім

Қазақтың салты бойынша тұңғыш немере - ата-әженің меншігі. Ата-әжелер көп жағдайда тұңғыш немерелерін бауырына басып, өздеріне алып жатады. Ата-анасын аға-жеңге дегізіп, өздері әке мен ананы алмастыруға тырысады. Бұл - тәлім тәрбие. Алайда көпшілік ежелгі салттың кереғар тұсы көп дейді. «Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Тұңғыш бала кімдікі?». Студия қонақтары Арай Қоңырова, Айсұлтан Жақып, Әйкерім Жақсыбаева өз пікірлерімен бөлісті. Тақырыпқа байланысты қонақ болған кейіпкер Жұлдызай Оңдаш өз оқиғасын айтып берді. «Туғаннан ата-әжемнің қолында өстім. Әжем 12 баланы дүниеге әкелген. Мен тұңғыш баласының бірінші баласымын. Тұңғыш немересімін. Атам барлық махаббатын берді. Ата-анамнан мені қызғанып отыратын. Анамды бәрібір жақсы көретінмін, бірақ атамның қаталдығынан махаббаттымды көрсете алмадым. 7 жасқа толғанда бөлек шықтық. Сонда да ата-анама үйренісе алмадым. Ата-әжемді сағынып, қимайтынмын. 23 жасыма дейін ата-анамның менің алдымда мәртебесі төмен болған. Бүгінгі бағдарламаға келген себебім, баланы қатты жақсы көрудің теріс жақтары да болатынын айтқым келеді. Мысалы, мен өзімнің басымнан өткен оқиғаға қарап айта аламын. Өмір мен өлімнің арасында қалғанда біраз нәрсені түсіндім. Үлкен ота жасалды. Атам мені мықты етіп өсірген. Атамның арқасында өз-өзіме сеніп, ауруды жеңдім. Айта кетерім, ота алдында анам менен кешірім сұрап, мені кешіргенін айтты. Кейін психологтармен жұмыс жасадым. Өзімнің анамды түсінуге тырыстым. Обырды жеңгеніме, екінші өмірге шүкіршілік етемін», - дейді Жұлдызай.

Көрулер: 1 936

Ұзақтығы: 13мин 14сек

Қосылды: 19.11.2018

Пайдаланушы: Шаңырақ

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.