Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ақша алуға болады деген ақпаратқа маман жауап берді

Жақында әлеуметтік желіде «1991 жылдан 2018 жыл аралығында жұмыс істеген қызметкерлер Қазақстанның Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 560 000 теңге көлемінде жәрдемақы алуға құқығы бар» деген мәлімет таратылды. Осыған орай, студия мейманы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Азамат Серікбайұлы мәселеге қатысты сауалдарға жауап берді. «Өкінішке қарай, бұл ақпарат түрлі мессенджерлер арқылы көп адамға тарап кетті. Ақпараттың мазмұнына тоқталасақ, 1991 жылдан 2018 жыл аралығында жұмыс істеген қызметкерлер жәрдемақы алуға құқығы бар дегеннен басқа, ақпарат астында сілтеме берілген. Ол сілтеме бойынша өзіңіздің тізімде бар-жоғыңызды қараңыз делінген. Ішінде сұрақ-жауап бар. Аяғында «сіз тізімде барсыз» деген хабарландыру шығады. Ол үшін белгілі мөлшерде ақша жіберуді сұрайды. Біздің тараптан осы ақпаратты жоққа шығару мақсатында жұмыс жасалды. Басшылық атынан Құқық қорғау органдарына да хабарлама жіберілді. Студияға келу себебім де осы», - дейді қонақ.

Көрулер: 1 575

Ұзақтығы: 8мин 37сек

Қосылды: 16.11.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.