Хиросима мен Нагасакиға атом бомбасының тасталуына аудармашының қателігі түрткі болғанын білесіз бе?

Жапонияда 1945 жылы болған трагедия есіңізде шығар. Тамыз айында Хиросима мен Нагасакиға атом бомбалары тасталып, мыңдаған жан мерт болды. Зұлмат жарылыс салдарынан қос қала қираған еді. Ал, АҚШ-тың жапондарға мұндай қастандық жасауына кездейсоқ оқиға түрткі болғанын білесіз ба? 1945 жылы ІІ Дүниежүзілік соғыс Кеңес Одағы, АҚШ және Еуропа мемлекеттерінің арасында өршіп тұрды. 8-мамыр күні Германия өзінің жеңілгендігін мойындап, Одақтас мемлекеттер Жапон әскерінен Индонезия, Бирма, Үнді-Қытай түбегін азат етті. Бұдан соң 17-маусым мен 2-тамыз аралығында әйгілі «Потсдам» конференциясы өткізіліп, одақтас мемлекеттер Жапониядан жеңілгенін талап етеді. Міне, осы тұста түсініспеушілік туындап, үлкен қателік жіберіледі. АҚШ Жапониядан капитуляцияны, яғни, өз еркімен берілуі керек екенін айтқанда, премьер Судзуки «мокусатсу» деп жауап береді. Бұл жапон тілінен аударғанда – бейтарап көзқарасты ұстануды, ойланамыз дегенді білдіреді. Алайда, жапондардың жауабын аудармашылар АҚШ президенті Труменге «Біз келіспейміз, бұған қарсымыз» деп қате аударады. Ал, мұндай дөрекі пікір Трумэннің шамына тиеді. Сөйтіп, бір жағынан өзінің өктемдігін, екінші жағынан жаңадан жасаған атом бомбасын сынақтан өткізу үшін АҚШ Жапонияны бомбаның астына алады. Осылайша 6- тамызда Хиросима (140 мың адам), 9- тамызда Нагасакиде (75 мың адам) үлкен жарылыс болады. Апатты жағдайдан кейін 2 қыркүйекте Жапон үкіметі тізе бүгіп, актегі қол қояды. Демек, бір ғана сөзді дұрыс аудармағанның салдары үлкен шығынға ұшыратып, тарих беттеріне елеулі өзгеріс енгізді.

Көрулер: 2 774

Ұзақтығы: 3мин 51сек

Қосылды: 06.11.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.