Былғарыдан кәдесый жасайтын шебер Мақсат Мағзұмов: Ұлттық өнерімізді жаңғыртатын жастардың көбейетініне сенімдімін

Қазақтың қолөнерінде былғарының орны ерекше. Бабаларымыз теріні илеп, тұрмысқа пайдаланған, киім тігіп, кебіс киген. Былғары қазір де құнын жоғалтқан жоқ. Оны өңдеу мен пайдаға жарату заман ағынына қарай өзгерістерге бейімделді. Қазір былғарыдан кәдесый жасайтындардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі - Мақсат Мағзұмов. Жастайынан былғарыдан бұйым жасап машықтанған шебердің әрбір бұйымы күнделікті қолданысқа қажет. Заманауи әмиян, қолдорбаларды дәстүрлі оюмен өрнектеп, таза былғарыдан жасайды. Бабалар ізін жалғап жүрген шебер өз түйгенін жас шеберлерге үйретіп, шәкірт тәрбиелеп жүр. Шебердің айтуынша, оның әр күні ізденіспен өтеді. Тиімді әрі пайдалы этнобизнесті одан әрі дамытудың жаңа қыры табылса, ұлттық өнерімізді жаңғыртатын жастардың көбейетініне сенімі мол. «Қолөнерге дегені қызығушылығым бала кезден басталды. Мектеп қабырғасында жүріп үйірмелерге, көрмелерге қатыстым. Осылайша, осы салаға келдім. Бұйымдардың бағасы қолжетімді. Сұраныс жақсы» , - дейді шебер.

Көрулер: 2 405

Ұзақтығы: 2мин 19сек

Қосылды: 25.10.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.