Ән сұңқары Әсет Бейсеуовтың 80 жылдығына орай Қарғалы ауылында ескерткіш ашылады

Қазақстанның Халық әртісі Әсет Көпбайұлы Бейсеуов 1938 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Ол қазақ музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Композитордың «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Шақырады көктем», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», «Сырласу вальсі», «Жұлдызым», «Армандастар», «Жайықтан қайтқан тырналар» туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльге («Қыз жиырмаға келгенде», «Аса құрметті Икс»), кинофильмге («Көртышқан мен қоян»), телефильмдерге («Алдар көсе», «Жаздың соңғы күні») музыка жазды. Бірқатар ән жинақтары жарық көрді. 1999 жылы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының орта мектебіне, 2003 жылы ауыл көшесіне композитордың есімі берілді. Сондай-ақ, 1999 жылы қазақтың ән сұңқарының шығармашылығын ұрпаққа кеңірек таныстыру мақсатында музей де ашылған. Биылғы жылы 80 жылдық мерейтойына орай Қарғалы халқының ұсынысымен ауыл орталығына композитордың мүсінін орнату қолға алынды. Ескерткіштің тұғыры дайын, бейнесі қоладан құйылып жатыр. Таяу күндері ескерткіш салтанатты түрде ашылмақ. Өнерді құрметтеген халқы барда композитордың есімі ұрпақтан-ұрпаққа қала бермек.

Көрулер: 5 464

Ұзақтығы: 4мин 02сек

Қосылды: 19.10.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.