Алқаптағы ағайынның бейнеті туралы «Masele» ұжымы айтты

5 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Елбасы шенеуніктердің шалағайлығынан өзімізде бар азықты өзгелерден ақшаға алып отырғанымызды айтты. Президент «ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру керек», - деді. Мысалы, АҚШ халқының 2 пайызы ғана ауылда тұрады. Бірақ, ауыл шаруашылығы өнімімен жер басып жүрген жеті миллиард адамның ішіп-жемін қамтиды. Ал, біздің жұрттың 40 пайызы ауылда, оның тек 20 пайызы ғана алқапта алқынып тер төгіп, төрт түлік ұстап мұртын майға малып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қазақтың қажетін қамтып, қалғанын шетелге шығару туралы тапсырма берілді. Президент 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге көбейту керектігін айтты. Өткен жылы астық экспорттайтын елдердің көшін АҚШ бастаған, тізімде екінші Украина, үшінші Аргентина, төртінші Ресей тұр. «Ал, қазақтың шалғысынан шыққан өнімді сатып алатындардың саны күрт кеміп кеткен»,  дейді сарапшылар.  Оған себеп көп. Қазақтың жерінде өскен аста-төк астықты жинап алу мұң болды. Өйткені, жауын-шашын жылдағыдан көп болып, шаруалардың шаужайынан қақты да отырды. Мәселен, маусымда жауын жоспардағыдан 2,5 есе, шілдеде 30 пайызға артық түскен. Салдарынан ылғал жер темір техникасын сайлаған мамандарды тепеңдетті де қойды. Алқаптағы ағайынның бүгінгі бейнетін, ертеңге еңбекақысының нобайын Гүлжазира Ғалиқызы зерттеп көрді.

Көрулер: 1 391

Ұзақтығы: 9мин 18сек

Қосылды: 13.10.2018

Пайдаланушы: Мәселе

Телеарна: QAZAQSTAN

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.