Қазақ әдебиетінің қызыл жебесі Шерхан Мұртазаның шығармашылық жолы

Қазақ журналистикасының байрағы мен айбары, қазақ әдебиетінің қызыл жебесі Шерхан Мұртазаұлы 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Жазушының шын есімі – Шері. 1937 жылы әкесі Мұртазаны «халық жауы» деп ұстап әкетеді. Сол кезде бала Шерхан небәрі 5 жаста болған екен. «Жетімдік - жұрттың қабағын оқитын ілім» деген сөз бар. Әкесінен жастай айырылған Шерхан оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кездерімен тұспа-тұс келеді. Ол 8 жасқа толғанда өзі туған ауылындағы мектептің бірінші сыныбына қабылданады. 1955 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдап, 1955-1956 жылдары Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, 1956-1960 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), 1960-1963 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970-1972 жылы «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, 1972-1975 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1975-1982 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980-1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1989-1992 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым (1999-2004) депутаты, 1992-1994 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. Тұңғыш кітабы - «Құрылысшы Дәку» очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Кейін «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы», «Мылтықсыз майдан», «41-жылғы келіншек», «Ахметжанның анты», т.б. повестер мен «Интернат наны» атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған «Қара маржан» романы 1976 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болады. Кейін Т.Рысқұловтың өміріне арналған («Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір») роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының «Қызыл жебе», «Сталинге хат», сондай-ақ, «Бесеудің хаты» атты пьесалары қойылды. Қазақ руханиятында «Шер ағаның шекпені» деген атау бар. Яғни, осы салаға алғаш қадам басқан қаншама жас Шер ағаның мектебінен өткен. Бүгінде әрқайсысы жеке дара қазақ журналистикасының көшін бастаған қара нарлар қатарында келеді. Қайраткер қазақтың дүние-керуені тоқтаса да, ол сол биігінде мәңгі қала береді..

Көрулер: 5 419

Ұзақтығы: 8мин 30сек

Қосылды: 10.10.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.