Рабиға Есімжанованың туғанына - 104 жыл

«Құрмет белгісі» орденінің иегері, ҚР Халық әртісі Рабиға Есімжанованың туғанына 104 жыл. Рабиға Есімжанова 1914 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Ол мектептен әнші қыз атанған. Ән айтып, түрлі драмалық қойылымдарға қатысқан бойжеткен 1930 жылдары Алматыда ұйымдастырылған музыкалық-драма театрының актриса-әнші қызметіне қабылданады. Сол кезде театр репертуарынан түспей жүрген Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Еңліктің рөлін әйгілі дара тума Күляш Байсейітовадан кейін жарқырата сомдаған тұлғаға айналды. «Айман-Шолпанда» Айманның, «Қыз Жібекте» Жібектің рөлін шеберлікпен сомдап халықтың шексіз ризашылығына ие болды. Сол кездегі театр директоры Орынбек Бековпен отбасын құрған Рабиға Есімжанованың бақытты өмірі ұзаққа созылмады. «Халық жауы» деген жаламен ұсталған күйеуі 1938 жылы ату жазасына кесіледі. Рабиғаның да басына қара бұлт үйіріліп, ауылдағы мектепте ән-күй пәнінен сабақ беретін ұстаз кезекті бір партия жиналысынан соң көпшіліктің сұрауы бойынша ән салады. Әншінің дауысына, келбетіне тәнті болған ауыл обкомының бірінші хатшысы Рабиғаға тұрмыс құруға ұсыныс жасайды. Осылайша әншінің отбасылық өмірмен бірге өнердегі жолы да сәтті жалғасты. Лирикалық сопрано дауысты әншінің еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі зор.

Көрулер: 2 879

Ұзақтығы: 4мин 42сек

Қосылды: 13.09.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.