Қасиетті сусынымыз қымыз мұхит асып, таңдаулы астың біріне айналып үлгерді

Үйірілген сары алтындай сары қымыз ауруға - ем, сауға - қуат. Ежелден түркітектес халықтардың ұлттық сусыны саналған қымыздың адам денсаулығына пайдасы зор. Тарихи аңыздарда пенденің күнәсінен тазарту үшін боз биенің шұбатына шомылдырылғаны айтылады. Сонымен қатар қымызды ру, тайпаралық келісімдерде, өзара ант беру кезінде ішілгенін аңғаруға болады. Бұл сусын көптеген халықтарда ертеден-ақ белгілі. Оның түп-тамыры сонау скифтерге дейін барады. Грек тарихшысы Герадот скифтердің бие сүтінен сусын ашытатынын айта келіп, олардың сүт консервілеу құпиясын мұқият сақтайтынын, ол құпияны ешкімге айтпайтынын жазған. Қымызды қазақтан басқа қырғыз, татар, башқұрт халықтары да емдік сусын ретінде ішетін. Халық емшілігінде ата-бабаларымыз қымызды асқазан, өкпе, ішек ауруларына ем ретінде пайдаланып келген. Ол үшін қымызды еш уақытта темір ыдысқа құйып, сақтамаған. Қазіргі медицинада да қымызды өкпе, кейбір ісік, жүйке-жүйесі, безгек және тағы басқа ауруларды емдеуге жиі қолданып келеді. Бүгінде қасиетті сусынымыз мұхит асып, өзге ұлт өкілдерінің таңдай жібітер, таңдаулы асының біріне айналып үлгерді. Тіпті қымыздың құрғақ ұнтақ түрі де нарыққа шығып, сұранысқа ие бола бастады. Қалай десек те қымыз – жылқы мінез қазақтың 12 ай ішер төл сусыны болып қала бермек.

Көрулер: 2 805

Ұзақтығы: 2мин 53сек

Қосылды: 04.07.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.