Ислам діні және халқымыздың әдет-ғұрыптарының қабысуы туралы не білеміз?

Халқымыз Ислам дінін қабылдағаннан кейін адамның жаратылысына тән құндылықтар салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың негізіне айнала бастады. Бұл әдет-ғұрыптардың қайнар көзі Құран аяттарынан бастау алса, олардың көбі Исламның негізі болатын хадистер мен сүнеттерден тұрады. Біздің қазіргі әдет-ғұрып пен ұстанып жүрген мұраларымыздың көпшілігін бабаларымыз сол кезеңдерде сүннетті ұстану ниетімен қалыптастырған. Бұғын дәлел - көптеген әдет-ғұрыптар мен сенімдеріміздің хадистермен үндесіп жатуында. Ең бергісі - халқымыздың қонақжайлылығы. Исламға дейін де халқымыздың көп дәстүрі мен әдет-ғұрыптары болғанын жақсы білеміз. Атап айтсақ, бесік құда, қарсы құда, сүйек жаңғырту, қалыңдық алып қашу, қалың төлеу сияқты әдет-ғұрыптар. Кейінірек, олардың Ислам шариғатына сәйкес келмейтінін ұмыт қалдырып, керектілерін сақтап отырды. Қазақ даласында түрлі діндер болған. Мысалы, отқа табыну да, христиан, шамандар да. Отбасы мен туыстық қатынастар саласындағы исламдық және оған дейінгі дәстүрлер дінге нанушылардың күнделікті тұрмысының бір бөлігін құрайтын еді. Әр жерде жерлеу, еске алу, неке қию, сүндетке отырғызу дәстүрлері өткізіліп жатты. Оның ішінде Оңтүстік аймақта Ислам діні кеңінен етек жайғандықтан, осы аймақтарда Құрбан айт пен Ораза айт ерекше аталып өтті. Бұл да болса халқымыздың әдет-ғұрыптары мен Ислам дінінің талаптары тек тәрбие мен адамгершілікке негізделгенін айғақтайды. Ал, кейбір ғұрыптарды дінмен мәдениетті түрде қабыстыру - даналығымыздың белгісі. Белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін алдымен, ортақ тіл мен дін, тарихы мен салт-дәстүрі, отаны болуы тиіс. Экстремизм мен терроризм түрлеріне, соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижесінде оларға қарсы тұрудың тиімді әдістерінің бірі – қазақтың салт-дәстүрін жандандырып, дәстүрлі исламды дәріптеу болып табылады.

Көрулер: 3 922

Ұзақтығы: 4мин 19сек

Қосылды: 11.06.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.