Алматы облысының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарының еңбегіне арналған музей салынып жатыр

Алматы облысының Талғар ауданынағы Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арыстардың еңбегін мәңгілік есте қалдыру мақсатында музей салынып жатыр. Аумағы 535 шаршы метр болатын кешеннің құрылыс жұмыстарына облыс бюджетінен 288 млн. қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін бітеді деп жоспарланған нысанның құрылыс жұмысын көруге келген облыс әкімі Амандық Баталов қуғын-сүргін құрбандарына арнап қойылған ескерткішке тағзым етті. Азалы жиында көпшілік азаттық жолында жан аямай еңбек еткен ерлердің рухына құран бағыштап гүл шоқтарын қойды. Тарихшылардың дерегі бойынша 1929 жылдан бастап, 1953 жылға дейін жалпы Кеңес елінде 40 млн. адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Бұл оқиғалардан 4,5 миллиондай Қазақстан азаматы зардап шекті. Дегенмен, кеңестік билік қазақтың тауын шағып, еңсесін баса алмады.  

Көрулер: 1 930

Ұзақтығы: 1мин 13сек

Қосылды: 31.05.2018

Пайдаланушы: Ақпарат

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.