Айдос Сарым: Тарихшылар арасындағы кикілжіңдер тарихи деректердің бұрмаланып кетуінен туындап жатыр

31 мамыр – Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, осы тақырыпта әңгіме өрбітті. «Бұл күнді ашаршылық жылдары көз жұмғандарды немесе репрессияға ұшырағандарды еске алу күні деп есептеу керек пе?» деген сұраққа айтарым, біріншіден, бұлар Сталин заманында саяси ұстанымы үшін қудаланып, атылған азаматтар. Екіншіден, ашаршылық дегенде қазақ ұлт ретінде осындай қуғын-сүргінге ұшырағанын ескеру керек. Большевиктер «көшпелі қазақ идеологияға келмесе, аяудың қажеті жоқ», деген көзқараста болған. Бұл тұрғыдан біздің өмір салтымыз, көшпелі өркениетіміз қуғынға ұшырады. Сондықтан, мұның екі жағын да біріктіруге болады. XX ғасырда екі аштық болды. Әр дерек бойынша бірінші аштықта 1 млн-ға жуық қазақ, екінші аштықта 3 млн-ға дейін адам қырылды. Яғни, XX ғасырда қазақтың басына түскен қасіреттің, зұлматтың құрбандарын атап өтетін дата керек шығар. Себебі қоғам, ұлт өмірі тек қуаныш, от шашудан тұрмайды. «Осындай үлкен қасіретті бастан өткердік. Бұл бізге сабақ болды. Мұны біреуден кек алу үшін емес, ұлт, қоғам ретінде қалыптастық, өткеннен салауат алып жатырмыз», дегенді білдіру үшін жасау керек. 1936-1937 жылдары Кеңес үкіметі үлкен санақ жүргізді. Санақ халықтың кемігендігін көрсетті. Бұл идеологияға үлкен соққы болғандықтан, билік санақты жүргізген адамды репрессиялап, 1939 жылы статистика деректерін бұрмалады. Көптеген деректер бұрмаланып, шынайы факторлар ескерілмегендіктен, көп мәліметтер осы күнге дейін мұрағатта жатқандықтан, тарихшылар арасында үлкен кикілжіңдер болып тұрады. Одан құтылудың жолы бір жылымызды осыған арнап, кіші семинар өткізіп, әлемдік тарихшыларды шақырып, халықаралық дәрежедегі конференция өткізіп, үлкен ұжымдық консенсусқа келу. Мұндай нақты деректер саясаткерлердің де, саясаттың да, жалпы жаны бар азаматтың кеңістігін ашып, олардың белгілі әрекет жасауына мүмкіндік береді», - дейді саясаттанушы.

Көрулер: 1 762

Ұзақтығы: 10мин 01сек

Қосылды: 31.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.