Динара Сұлтан: Өнер мен отбасылық өмірді қатар алып жүруге тырысамын

Бүгін «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының Алматы студиясында әнші, түрлі халықаралық байқаулардың жүлдегері Динара Сұлтан қонақ болды. Жуырда 5 баланың анасы атанған әнші өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті. «5 рет ана атанғаныма әлі сенбей жүрмін. 3 қыз, 2 ұлым бар. Есімдерін көбінесе әкесі қояды. Соңғы баламызға әжесі Мәди деген есім берді. Осы бес баламды жеткізіп, білім берсем деймін. Кішкентай баламен шығармашылықты жалғастыру оңай емес. Сонда да кішігірім концерттерге баруға, өнер мен отбасылық өмірді қатар алып жүруге тырысамын. Қазір әлеуметтік желінің уақыты болған соң, көбінесе сондамыз. Мені неше түрлі адамдар оқиды. Сондықтан ақыл тоқтатқан әйелдің ойларын жазғым келеді. Жастарға кеңесім – барлық салада мүмкіндік өте көп. Сондықтан дұрыс пост жазып, дұрыс бағыт бергім келеді. Әр таңды дұрыс бастау керек. Мысалы, жақсы көңіл күй. Одан кейін серуендеп, дұрыс тамақ ішіп, одан кейін жұмыстарға кірісуге болады. Араб елінде 5 жыл тұрдық. Олар патриот халық. Басқа елдің әншілерін жолата бермейді. Сахнаға шығу үшін біріншіден араб тілін білу керек. Сондықтан баламен үйде отырдым. Бірақ Дубайда жүріп-ақ ән жазып, бейнебаян түсірдім. Арасында Алматыға келіп бейнебаян түсірдім. Әндерімді көбінесе өзім жазамын», - дейді әнші.

Көрулер: 1 936

Ұзақтығы: 10мин 58сек

Қосылды: 30.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.