Қазіргі таңда Ауғанстандағы жағдай қандай?

2001 жылдың қыркүйегінде болған террорлық акті естеріңізде болар? АҚШ-та лаңкестер жасады дейтін алапат лаң туралы қазір, алыпқашпа әңгіме көп. Бірі оны соңғы ширек ғасырда Исламға именбей теңеу болып жабысқан терроршылардан көрсе, енді бірі солардың отына май құйып, қолына қару мен қаржы беріп отырған алып державалардың ойыны дейді. Кім біледі, мүмкін екеуінікі де рас шығар?! Бірақ, бір нәрсе анық. Сол жуан елдердің ойынынан кейде от тұтанып, содырлар ойран сап, кесірінен бейшара бейбіт тұрғындар зардап шегеді. Жалпы, терроризм сөзі қорқыныш, үрей дегенді білдіреді. Бұл ұғым алғаш 18-ғасырдың соңында француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясаттың атауы ретінде қолданылған. Қазіргінің тілімен қысқа қайырсақ, терроризм - саяси мақсатты сылтауратып, күш қолдану дегенге саяды. Соңғы кездері халықаралық қоғамдастықта өздерін ашықтан-ашық террорлық ұйым деп жариялаған топтардың барын талай естіп жүрсіздер. Олардың көксейтіні билік. Сол баяғы билікке таласып, елдің ішін алатайдай бүлдірген бүлікшілердің бір тобы Ауғанстанда. Сөзіміздің басында айтқан АҚШ-тағы терактіні жасады деген Бен Ладеннің сол сойқаннан кейін Ауған даласында бас сауғалап жүріп, мерт болғанын білесіздер. Білетіндер бұл елдің таулы аймақтарында тәліптердің арнайы терроршыларды даярлайтын лагерлері бар деседі. Біздің ел осы террор деген тажалға бар жан-тәнімен қарсы. Қарсы болып қана қоймай, әлем назарын осы проблемаға жиі аударып, дөңгеленген дүниеде осы дүрбелеңнің тоқтауына бастамашы болып жүр. Нәтижесіз емес. Шам елінде жеті жылға жалғасқан соғыс отының бәсеңдеуіне Астана процесі арқау болды. Ауған мәселесін талай халықаралық мінберлерде тілге тиек етіп, аймақта тыныштық орнатуды о бастан айтып келеді. Астана қысқасы, арнайы алаң ұсынып, тараптарды татуластырып жібермесе де, тұрақтылық орнату мәселесін тездетіп шешуді ұсынып жүр. Сәтін салса, бұл бастама да іске асар.

Көрулер: 2 852

Ұзақтығы: 10мин 16сек

Қосылды: 27.05.2018

Пайдаланушы: Аpta

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.