Асық ату: «алматинка» немесе «шымкент» деген ойын түрлерін естуіңіз бар ма?

Халықаралық ойындардың спорттық тізіміне енбесе де, асық атудың өзіне тән өзгеше ережесі, әдіс-тәсілдері көп. Халқымыздың дәстүрлі ойыны саналатын асық ату адамды мергендікке, ептілікке, шеберлікке, батылдыққа, дер кезінде шешім қабылдауға үйретеді. Алшы, тәйке, бүге, шіге, тұрық, сомпы, оңқай, солақай, сақа, құлжа, жабайт, шүкімайт және тағы басқасы. Асықтың түрлері, әрқайсысының өзіндік ережесі мен ойнау тәсілдері бар. Кейбір жерлерде асық ату ойынын жалпылама «табан» деп те атайды. Ал, 1960-1970 жылдары асық ойыны «өріс» деп те аталған екен. Сол кезде қалаларда «алматинка» немесе «шымкент» деген ойын түрлері де болған деседі. Қазақ жақсы көрген баласына «алтын асықтай» немесе «киіктің асығындай» деген теңеулер қосып, еркелеткен екен. Тіпті келіні босануға уақыты жақындағанда ырымдап, асық жинаған. Бұл «Құдай ұл берсе екен» деп тілегені. Мұндай фразеологизмдер мен ырымдар асықтың айырықша символикалық мәні бар екенін аңғартса керек.

Көрулер: 4 168

Ұзақтығы: 2мин 41сек

Қосылды: 23.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.