Бүгін Батырхан Шүкеновтың өмірге келген күні

Батырхан Шүкенов өзінің нағыз талант екенін «A`Studio» тобының құрамында жүргенде көрсеткен. Ал, Ресейдің «Один в один» тележобасынан оның актерлік қабілетін көргенде, таңдай қаққанымыз рас. Батырхан соңғы рет осы бағдарламада америкалық белгілі зағип әнші Стиви Уандердің бейнесін сомдады. Бірақ әншінің өзі дәл осы бағдарламаны телеарнадан тамашалай алмай кетті. Әнші «Один в один» бағдарламасында оннан астам белгілі өнерпаздың рөлін асқан жауапкершілікпен орындап шықты. Батырхан тек әнші ғана емес. Оның ақындық, хәм композиторлық қасиеті де бар еді. Өзі құрған «A`Studio» тобында 12 жыл өнер көрсетіп, 2000 жылдардың басында жеке шығармашылықпен айналысты. Топтан кеткен соң оның биік белестерге көтерілетініне күмән келтіргендер көп болды. Бірақ ол қиындықтың бәрін артқа тастап, Ресейдің үлкен концерт залдарында бірнеше мәрте жеке шығармашылық кеш өткізді. Батырханның достары көп болатын. Дәл бүгін ол барлығын үйіне шақырып, туған күнін тойлар ме еді. Оның тыңдармандарының басты жұбанышы - әншінің артында керемет әндері мен мәңгі өлмес өнері қалды.

Көрулер: 1 768

Ұзақтығы: 1мин 59сек

Қосылды: 18.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.