Бүгін - қазақтың біртуар ғалымы Әлкей Марғұланның дүниеге келген күні

Қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан жандар аз емес. Соның бірі әрі бірегейі ғұлама ғалым, профессор Әлекей Қаханұлы Марғұлан болатын. Ол қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Жастайынан ғылымға құмар ол Ресейде білім алып, 1925-1931 жылдары аралығында Шығыс институтында, сондай-ақ, Ленинград мемлекеттік институтында оқыды. Ғалымның алғашқы ізденісі Қазақстан мен Алтай халықтарының тарихын зерттеуден басталады. Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде бастаған Әлкей үйге келгеннен кейін де көп ізденіп, зерттеулер жасады. Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу, Талас өзендерінің бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орнында түрлі қазба жұмыстарын жүргізді. Жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан Орталық Қазақстанда зертеуге кіріседі. Көп жылғы зерттеулерден кейін ғалым Тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол бұрынғы зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастырады. Шохан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны 5 том етіп шығаруға басшылық етеді. Әлкей Марғұлан - қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірген тұлға. Оның қаламынан туған тарих, археология және этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, 300-ден астам ғылыми зерттеу, 100-ден астам энциклопедиясы мен мақалалары жарық көрді.

Көрулер: 3 166

Ұзақтығы: 3мин 31сек

Қосылды: 11.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.