Димаш арқылы әлем тыңдармандары тәнті болған «Дайдидау» әні туралы білесіз бе?

Ұзақ уақыт бойы халық әні деп айтылып келген «Дайдидауды» жазған қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев болатын. «Дайдидау» деп ол өзінің жарын еркелеткен екен. Мағжан Жұмабаевтың 1929 жылы Сібірге 10 жылға жер аударылғанға дейінгі өлеңдері, поэмалары мен өзге де шығармалары сақталған. Ол туындылар оқырманға түгелдей дерлік жетті. Ал, жер аударығаннан кейін жазылған шығармалары туралы ешқандай дерек жоқ. Сондықтан, зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, «Дайдидау» әні ақынның бас сауғалап жүрген кезінде, яғни, 1930 жылдар шамасында жазылған. «Дайдидау» әнін бүгінде білмейтін жан жоқ десек, артық айтқандық емес. Әуезді әуен қазақтың бірнеше көркем фильмінде де шырқалды. Кеңес үкіметі кезеңінде «Дайдидау» әні Едіге Болысбаевтың «Шаңырақ» кинокартинасында қолданды. Бұл фильмді көргеннен кейін әйгілі режиссер Сұлтан Қожықов «Едіге, сен біздің арманымызды орындадың», деген екен. Өйткені, ән берірекке дейін кеңестік цензураның кесірінен айтылмай келген. Екінің бірі шарықтатып шырқай алмайтын «Дайдидау» әнін нақышына келтіріп орындаған әншінің бірі – Димаш Құдайберген. Димаштың орындауы арқылы «Дайдидауға» әлемнің әнсүйер тыңдарманы тәнті болып, музыканттары әннің кавер нұсқаларын шығарып жасады. Мәселен, фортепиано аспабында «Дайдидауды» өзгеше құбылтқан сингапурлық Джереми Вонгты айтсақ болады.

Көрулер: 4 798

Ұзақтығы: 2мин 56сек

Қосылды: 02.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.