1000-ға жуық отандасымызға несие алдырып тайып тұрған алаяқтар қайда жүр?

Тоқсаныншы жылдары 1 теңге берсең 1000 теңге қылып қайтарамын дейтін алаяқтар қаптап кетіп еді. Өкініштісі, елді алдап, тақырға отырғызып жүргендер әлі бар екен. Солардың біріне алданған 1000-ға тарта адам «Мәселеден» араша сұрап келіп еді. Мамандарымыз барды, көрді, заңсыздықты әшкереледі. «Көпті алдаған, көрінде өкіреді» деген бар. Қаржылық пирамида құрып, адамдардан ақша жинап, артынша үшті-күйлі жоқ болып кететіндердің көшін Орта Азияда Сергей Мавроди бастады. Әйгілі «МММ»-нің көшбасшысын соттағанда оған қатысты қылмыстық іс 610 томды құраған. Ал, жұрттан жинап жоқ қылған ақшасы шамамен 110 миллион доллар делінді. Айыбын өтеп абақтыдан шыққан ол тағы бірнеше рет қаржы пирамидасын құруға оқталған, бірақ бұрынғыдай ақшаны күреп таба алмады. Ал, осыдан  екі апта бұрын аялдамада ес-түзсіз жатқан 62 жастағы Сергей Мавродиді кездойсақ адам көріп жедел жәрдем шақырған. Бірақ ,дәрігерлер Орта Азияның ең әйгілі алаяғын ажалдан алып қала алмады. Өкініштісі, бұл жолы бізден араша сұрап келген ағайынға қарап, қаржылық пирамидалардың өтірік екенін қанша айтсақ та соларға бар ақшасын өздері апарып беретіндердің әлі де барын көрдік, білдік.  Осы мәселе турасында Еркін Съезұлының сюжетінде.

Көрулер: 2 003

Ұзақтығы: 10мин 36сек

Қосылды: 14.04.2018

Пайдаланушы: Мәселе

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.