Қазақ даласына «жеңіс» деген хабарды жеткізген Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына - 95 жыл

ҚР Халық әртісі, белгілі диктор Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына - 95 жыл. Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын Кеңес елдері Левитанның дауысымен естісе, қазақ даласына жеңіс деген хабарды Әнуарбек Байжанбаев жеткізді. Қазақ радиосының «Алтын қорында» диктордың дауысы жазылған 80-нен астам күйтабақ бюар. Алайда, өкініштісі, ол кісінің бейнесі таспаланған бірде-бір фильм жоқ. Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев 1923 жылғы 26 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы елге оралғаннан кейін, Қазақ радиосына диктор болып орналасады. Алғаш эфирге шағын хабарландыру оқып шыққан ол өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында, телевизиясында диктор болып қызмет атқарады. Эфир арқылы берілген республиканың тыныс-тіршілігі жайлы түрлі жаңалықтар, саяси хабарлар ұзақ жылдар бойы мыңдаған тыңдаушыларына Байжанбаевтың ашық та әуезді, кең тынысты үнімен жетті. «Бұл кісіні табиғаттың ерекше жаратқан құбылысы деуге болады. Себебі, ол жоғарғы оқу орнын бітірген жоқ. Халықтан шыққан талант. Бұл кісі радио саласындағы халықтық тұлға», - дейді радио ардагері Тілеуберді Досбаев.

Көрулер: 4 677

Ұзақтығы: 5мин 42сек

Қосылды: 26.03.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.