«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті

Осы аптада қазақ баласына, Алаш даласына «теледидар» дейтін сиқырдың келгеніне – 60 жыл толды. Бұл тек отандық телевизия тарландары үшін ғана емес, осы сиқырлы салаға тілекші қара орман қазақ үшін айрықша күн. Қазақ теливизиясының 60 жылдық белесі - бұл әлбетте, халықтың көзі, құлағы һәм тілі болған алыптар ақыл-ойының таспаға басылған тарихы. Ең алғаш 1958 жылдың 16-наурызында Алматы телестудиясы тұңғыш рет хабар таратқан еді. Содан бері техника дамып, телевизия теңдессіз деңгейде түрленді. Медиа кеңістіктегі әлеуетіміз артты. Алаштың арын, ұлттың ұжданын, халықтың қамын ойлаған басты арна әу бастан ағартушылық, танымдық хабарларға басымдық беріп, рухани және әлеуметтік саладағы тың тақырыптарды бағдарламаға арқау етті. Көп арна енші алысып тарқасқанда, Қазақ телевизиясының қарашаңырағы болып Ұлттық арна қалды. Самарқанның көк тасы жібіп, Сарыарқаның сеңі бұзылатын шақта біз де өткенге есеп беріп, бүгінімізді бағамдап, ертеңімізге бағдар жасаймыз. Биыл 60 жылдыққа орай, Ұлттық арна көптеген игі істі қолға алды. Салтанатты шаралардан бөлек, телевизия ардагерлеріне, алдыңғы буын өкілдеріне айрықша құрмет көрсетілді. Таңдауы бөлек, талғамы биік көрермен Нұртілеу Иманғалиұлы, Рәбиға Аманжолова,  Әбдірәлі Бөлебай, Баян Секербай, Мейрам Базарұлы сынды сүйікті жүргізушілерімен қайта қауышты. Оның үстіне ұлттығымыздың айнасы - Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған шаралар мен «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатының тұспа-тұс келуі де біз үшін ерекше символдық мәнге ие.

Көрулер: 2 163

Ұзақтығы: 7мин 05сек

Қосылды: 18.03.2018

Пайдаланушы: Аpta

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.