«7-20-25» жобасы бойынша Ұлттық банк бағдарлама әзірлейді

Елбасы жариялаған бес бастаманы орындау мақсатында арнайы жол картасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Үкімет басшысы бес бастамаға қатысы бар ведомство басшыларына тиісті тапсырма берді. Оған сәйкес «7-20-25» жобасы бойынша Ұлттық банк арнайы бағдарлама әзірлейтін болады. Ал, үй құрылыстарын жүргізуге барынша отандық өнімді пайдалануға және отандық құрылыс компанияларына көбірек мүмкіндік беру көзделеді. Жеңілдетілген салық жүйесі бойынша биыл 1-шілдеге дейін ұсыныс енгізіледі. Жатақхана құрылысы бойынша 2020 жылдың соңына дейін ең кемі қосымша 75 мың орынды пайдалануға беру жоспарда бар. Бұдан бөлек, ауылдық жерлерде жеңілдетілген несие беруге қатысты жақын арада ұсыныс әзірленеді. Ал, «Сарыарқа» газ құбырын тарту бойынша бір апта ішінде жұмыс тобын құру тапсырылды. Жалпы, бес бастаманы жүзеге асыруға қатысты тиісті жол картасы бір апта ішінде дайындалады.  

Көрулер: 3 460

Ұзақтығы: 1мин 38сек

Қосылды: 06.03.2018

Пайдаланушы: Ақпарат

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.