27 ақпанда Қазақ радиосының «Мың алғыс» қайырымдылық концерті өтеді

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Осы мерекеге орай Қазақ радиосының халыққа тартуы бар. Тележүргізуші Қымбат Досжан, әнші Роза Әлқожа, Қазақ радиосының жүргізушісі Ақбаян Сапарбай студияда қонақ болып, өз жаңалықтарымен бөлісті. «Алғыс айту күні елімізде осымен үшінші жыл аталып өтеді. Қазақ радиосы биыл үлкен бастаманы қолға алып, қайырымдылық концертін өткізбек. Оның ішінде үш әлеуметтік жоба бар. Олар «Бармысың, бауырым?!», «Ақ отау», «Жан жылуы» радиобағдарламалары. Ойластыра келе, Корпорация басшылығының қолдауымен «Алғыс айту» күнінің қарсаңында игі іс жасаушыларға, мұқтаж жандарға көмек беріп жүрген азаматтарға алғыс айту үшін осы шараны өткізуді ұйғардық. Концертке түрлі тағдыр иелері келеді. Оның ішінде бір-бірін жоғалтқан бауырлар, ауыр дерттен құтылған жандар, әлемнің екі жағында жүріп, бір-бірін 22 жылдан бері таппай жүрген ана мен бала бар», - дейді қонақтар.

Көрулер: 3 470

Ұзақтығы: 10мин 30сек

Қосылды: 26.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.