Роза Әлқожа: Жаным нені қалайды соны жасағым келеді

Бүгінгі «Мақпалдың мекені» айдарында әнші Роза Әлқожа қонақта болды. 5 баланың анасы шығармашылығы, жеке өмірі туралы сөз қозғады. «16 жасымда Алматыға келдім. Ол кезде сабырлы, ұяң едім. Уақыт өте келе мінез өзгергенмен, жан дүнием сол қалыпта. Тәкаппарлықтан қорқатын адаммын. Тәкаппар адам шатасады. Ақшаның артынан кеткен адам құл болады. Сондықтан барынша қарапайым болғым келеді. Мен өзімнің бойым, жаным нені қалайды соны жасағым келеді. Жаным қаламайтын адаммен сөйлесе де алмаймын, қаламайтын жерде отыра да алмаймын. Үйімізде әрқашан туыстар, студенттер болды. Өзім жас болсам да олар үшін асқар таумын. Сөйтіп жүріп, өзімнен ұяла бастадым. 4 баламнан кейін арықтау қиын болды. 81 келіге жеттім. Толықтық адамға комплекс сыйлайды екен. Біреудің сөзі де көңілге тиеді екен. Ойыңа неше түрлі ойлар келеді. Жолдасым екеуіміз жер алып, 3-бөлмелі үй салдық. Көп қонақ күттік. Сол кезде үйден ас ішіп, артымнан күлген адамдар болды. Мүмкін сол кезде ұяңдық пен сабырлықты жоғалттым. Қазір үй, көлік деген дүниеге қарамайтын болдым. Жолдасым екеуіміз көлік апатына түскеннен кейін көп нәрсені түсіндім. Бала-шағаны көру, осы дүниеде жүрудің өзі - қуаныш. Әрбір сәтті бағалайтын болдым», - дейді әнші.

Көрулер: 2 794

Ұзақтығы: 31мин 13сек

Қосылды: 07.02.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.