Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай ардагер журналист Ұлбосын Айтөлен «Таңшолпанға» сұхбат берді

1958 жылы 8 наурызда қазақ телевизиясының алғашқы хабары эфирге шықты. Биыл – 60 жыл. Бүгінгі бағдарлама төрінде ардагер журналист, редактор 1980-2002 жылдар аралығында Ұлттық арнада қызмет еткен Ұлбосын Айтөлен қонақ болды. Журналист өткенге көз жүгіртіп, арнада қызмет еткен жылдарындағы қызықты жайтарымен бөлісті. «Ұлттық арна - қазақ телевизиясының қара шаңырағы. Мен бұл қара шаңыраққа сексенінші жылдары келдім. Ол кез қазақ телевизиясының алтын ғасыры болып есептелінді. Халық сол кездегі хабарларды сүйсіне еске алады», дейді ардагер журналист. 50 жылдықта Ұлбосын Айтөленнің «Әріптестерім» атты кітабы жарық көрген болатын. Биыл сол кітап толықтырылған нұсқада шығады. «Телевизия – адам бойындағы эстетикалық және этикалық қасиеттерді қалыптастыратын шығармашылық орта, идеологиялық қуатты күш. Оны орынды пайдалану керек. Мысалы, кезінде бір ғана арна болды. Ал, оның он шақты редакциясы болатын. Әр редакцияның бағыт-бағдары болды. Мәселен, әдебиет, қоғам, музыкалық хабарлар. Ал, қазір меніңше, арналар ән салып тұрғандай көрінеді. Бәрінде шоу, әншілер. Әншілерге қарсы емеспін. Бірақ әркімнің өз орны бар. Әр түрлі көрермен бар. Көрермендерің жасы ескерілмейтін сияқты. Осыны ойластырса», - дейді ардагер журналист.

Көрулер: 3 309

Ұзақтығы: 12мин 02сек

Қосылды: 02.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.