Суретші Әлібай Бапановтың «Келбеті»: «Кейбір туындыларға жылдар өте ораласың...»

Гобеленші, суретші Әлібай Бапанов бүгінгі «Келбет» бағдарламасының кейіпкері болды. «Ата-анам сурет салумен айналысқан жоқ. Бірақ, еңбекқор болды. Әкем егін егіп, арық қазған кезде қасында жүретінмін. Анам құрақ құрайтын. Әр матаның суретін үйлестіріп, тігін тігетін. Соны көріп өстім. Әкем соғысқа барып, аман оралды. Өзі оқымаса да, мені және бауырымды оқытты. 1973 жылы Алматы сурет училищесін бітірдім. Жақсы бітірген түлектерді Мәскеуге жіберетін. Мәскеуге барып, Көркемсурет академиясына түсіп, 1979 жылы бітіріп шықтым. Суретші шабыт алу үшін Айдың тууы, толысуы, Күннің батуы, түнеруі - осының барлығы әсер береді. Кез келген туынды тез шыға қоймайды. Мысалы, адамның мүсінін жүз өзгертесің. Кейде қылқаламды алғанда сурет бірден шыға келеді. Кейде бір ай немесе одан да артық уақыт керек. Кейбір жұмыстарға жылдар өте қайта келесің. Сонда ғана соңына жетеді. Жас келген сайын қолдың иекемі болмағанымен, ойлау жүйесі күшейе түседі. Өйткені, тәжірибең молайған. Бастысы – ойды көрсете білу. Тек қана материал емес, суретшінің ойы маңызды. Соңғы кезде заманауи өнер түрлі бағытта дамып жатыр. Жас суретшілер көп ізденеді», - дейді қылқалам шебері.

Көрулер: 2 457

Ұзақтығы: 10мин 13сек

Қосылды: 30.11.2017

Пайдаланушы: Келбет

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.