Ардақ Болатқызы: Біздің мақсатымыз - жастарға әлеуметтік лифтіге мүмкіндік беру

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ардақ Болатқызы студия қонағы болды. «Біздің басқарма 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Ең басты бағыты – жастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету, оларды жан-жақты қоғамдық өмірге тарту. Әрине, жастардың санаты әр түрлі. Ол - мектеп оқушылары, студенттер, жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыз жастар, мүмкіндігі шектеулілер мен еріктілер. Сондай-ақ біздің мақсатымыз- жастарға әлеуметтік лифтіге мүмкіндік беру. Яғни, олардың бойындағы патриоттық сезімді, жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық, діни жағынан сана-сезімдерін дұрыс қалыптастыру. Бұл шараларға кез келген жастар қатыса алады. Ешкімге шектеу жоқ. Мысал, жазда елімізде өткен үлкен шара – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі. Біздің басқармамыз өз тарапынан атсалысты деуге болады. Қала бойынша волонтер жастарымыз мәдени орталықтарда, әуежайда, теміржол бекеттерінде, басқа да шараларда қонақтарға көмек берді. Бұл да - біздің басқарманың үлкен жетістігі», - дейді студия қонағы.

Көрулер: 2 180

Ұзақтығы: 9мин 59сек

Қосылды: 23.11.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.