Нұрлан Амантайұлы: Ангина, тіс аурулары уақтылы емделмесе, жүрек дертіне әкеп соқтыруы мүмкін

Адам жүрегінің ауырғанын қалай сезеді? Оның алғашқы белгілері қандай? Жүрек ауруының алдын қалай алуға болады? Бүгін кардиолог Нұрлан Амантайұлы студияда қонақта болып, осы және өзге да сұрақтарға жауап берді. «Әлем бойынша жүрек, қан-тамыр аурулары себебінен өлім алғашқы орындарға шықты. Себебі, қазіргі уақытта адамдардың өмір сүру салты, дағдысы өзгерген. Бұрындары адам азық-түлік табу үшін көп дене қозғалысын жасайтын болған. Ал, қазір ас көп, дене қозғалысы аз. Оған қоса, күйзеліс деген бар. Оның барлығы жүрек ауруларына алып келеді. Жүрек ауруларының түрлері көп, оны тексеріп отыру керек. Негізгі белгілерінің бірі - әлсіздік, тез шаршау, ентігу. Екінші сатысы - физикалық жаттығу жасағанда жүректің шаншуы. Үшінші саты - болар-болмас физикалық күш түскенде шаршап қалу. Соңғы сатысында жүрек өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды. Жүрек, қан-тамыр аурулары туа біткен және жүре пайда болған деп бөлінеді . Жүре пайда болған түріне инфекциялық, вирустық аурулар әсер етеді. Мысалы, ангина, тіс аурулары уақтылы емделмесе, инфекция ошақтары осы жүрек ауруларына әкеп соқтыруы мүмкін», - дейді кардиолог маман.

Көрулер: 3 907

Ұзақтығы: 14мин 36сек

Қосылды: 30.10.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.