Шерубай Құрманбайұлы: Латын қарпін енгізуден қазақ тек ұтады

Қазіргі уақытта қоғамда латын қарпіне ауысу мәселесі кең көлемде талқылануда. Осыған орай бүгін студияға филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы келіп, латын әліпбиіне ауысуға қатысты сұхбат берді. «Әрине, латын қарпіне ауысу - табиғи нәрсе, өйткені жазу, әріпті ауыстыру әр адамға қатысты. Бұл мәселенің балабақшаға барған баладан бастап, академикке дейін қатысы бар. Әліпбидің тағдырына ешкім бейжай қарай алмайды. Қоғамда ашық пікірлер айтылып, талқылануы керек. Көпшіліктің дұрыс айтылған пікірлерін сараптап, әліпбиді қолданысқа енгізгенде соның тиімді, ұтымды, ғылыми негізделген жақтарын ескеру керек. Латын әліпбиін зерттеу бүгін басталған жоқ. Біз әліпбиді тарихында қолданған халықпыз. Тәуелсіздік алғалы бері латын қарпіне көшу мәселесі көп талқыланды, Елбасына хаттар жіберілген болатын. Латын қарпіне көшкен көршілес, түркілес елдердің тәжірибесі зерделенді. Біраз мақала жазылып, конференциялар өтті. Бұл мәселе жеткілікті талқыланды. Бұдан әрі созудың қажеттілігі жоқ. Алайда, пікірлер ескерілуі керек. Негізгі қайшылық – қос әріп. Мұны да ескеру керек. Мамандар арасында айтылар. Жалпы, латын қарпін енгізуден қазақ қауымы тек ұтады», - дейді профессор.

Көрулер: 3 811

Ұзақтығы: 14мин 37сек

Қосылды: 14.09.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.