Қанат Ислам: Бұл тарихтағы ең жақсы жекпе-жектерімнің бірі болады деп ойлаймын

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Бұл жиынға қазақстандық боксшылар мен олардың қарсыластары қатысты. 9-қыркүйекте өтетін бәсеке алдындағы басқосуға Брэндон Кук пен оның жаттықтырушысы, промоутері келді. Қазақстанда екінші рет кездесу өткізетін Қанат айқасқа дайын екенін айтты. «Әрбір жекпе-жек мен үшін өте маңызды. Қазір жастардың елім, жерім, Отаным деп жұмыс істейтін уақыты. 24 кездесудің барлығына қалай дайындалсам, осы кездесуге де солай жаттықтым. Сол үшін тарихтағы ең жақсы жекпе-жектерімнің бірі болады деп ойлаймын», - дейді былғары қолғап шебері. Атап кетсек, айтулы додада көрермендер сондай-ақ, Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы және Америкадан арнайы келген қандасымыз Димаш Ниязовтың қолғап түйістіргенін тамашалай алады. Естеріңізге саламыз, кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Көрулер: 6 051

Ұзақтығы: 1мин 22сек

Қосылды: 07.09.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.