Суда жүзуде нені ескеру керек?

Балаңыздың денсаулығы жақсы, дене бітімінің сымбатты болып, қалыптасуын қалайсыз ба? Демек, сізге керегі - жүзу. Фитнестің бұл түрі ағзаға ешқандай ауыртпашылық түсірмейді. Оның ерекшелігі де - осы. Бұл - ең қауіпсіз спорт түрі. Суда адамның салмағы екі есе азаяды. Нәтижесінде буын және омыртқа сүйегіне түсетін салмақ әлдеқайда азаяды. Ескерер жайт, алдымен міндетті түрде 30 минут жаттығу жасау қажет. Денені қыздырып алғаннан соң ғана баланың жүзуіне болады. Суда адам денесінен 50-80 пайыз жылу бөлінеді. Нәтижесінде ағзадағы жылуды қайта қалпына келтіру мақсатында зат алмасу процессі реттеледі. Егер балаңызға фитнес жаттығуларын жасауға болмаса, оның орнын жүзумен алмастыруға болады. «Бассейнде бастысы тек жүзуді үйрену емес, судың астында жаттығу жасай білу. Себебі, жаттығу жасамай жүзуге бірден кіріскен жанның суда сіңірі тартылуы мүмкін. Ол ағзаға зиян әрі қауіпті. Жаз уақытында баланың бос уақыты көп. Қазірден бастап балаңыздың бос уақытын дұрыс әрі тиімді пайдалана білуіне үлкен мән беріңіз», - дейді жаттықтырушы Артем Гуляев.

Көрулер: 3 936

Ұзақтығы: 2мин 16сек

Қосылды: 08.08.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.