Арман Шораев: «Қазақстан барысының» 100 пайыз әділ өтуіне жағдай жасап жатырмыз

Еліміздің басты спорттық шараларының бірі - «Қазақстан барысы-2017» осымен жетінші рет өтпекші. Турнир дәстүрлі мереке Астана қаласының күніне орай жыл сайын елордада өтеді. Беделді дода алдыңғы жылдары «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастырылды. Ол жерде ойынды 10 мың жанкүйер тамашалай алатын. Кейін турнир 2015 жылы есігін ашқан «Барыс Арена» заманауи спорт кешенінде өтетін болды. Онда 12 мыңға жуық көрермен сияды. 2012 жылдан бері қазақ күресінен республикалық турнирді Ресейдің «Боец», «Матч ТВ», Түркияның «ТРТ Аваз» және Қазақстанның Ұлттық арнасы көрсетеді. Жыл сайын доданы 60 млн-ға жуық адам тамашалайды. «Қазақстан барысы» турнирінің авторы, ұйымдастырушысы Арман Шораев бағдарлама қонағы болды. «Биыл турнирді тұңғыш рет «Барыс Аренада» өткізгелі жатырмыз. Арена спортшылар үшін де, көрермендер үшін де өте ыңғайлы. Меніңше, дода бәріне ұнайды. Биылғы турнирдің ерекшеліктерінің бірі - қатысатын палуандардың жартысы жас, әлі аты шықпаған жастар. Ол - қуантатын жайт. Ауыл, аудан, облыстағы іріктеулер жоғары деңгейде өтті. Адам баласы қателесуі мүмкін. Сондықтан, төрешілік ету қиын. Біз доданың 100 пайыз әділ болуына жағдай жасап жатырмыз. Сондай-ақ, қыркүйектің 7-8-і «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында «Әлем барысы» турнирі өтеді», - дейді Арман мырза. Естеріңізге саламыз, доданы 2-шілде 13:00-де «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Көрулер: 2 782

Ұзақтығы: 7мин 40сек

Қосылды: 29.06.2017

Пайдаланушы: Айтуға оңай

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.